30 Қазан, 2016

Аллотейді жеңген соң Ислам WBC рейтингінде үздік үштікке кірді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматыда өткен бокс кешінде Қанат Ислам ганалық боксшы Патрик Аллотейден ұпай санымен басым түскен еді. Жеңіске жеткен Қанат Ислам супер орта салмақта (69 кг ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алды. Ал WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды. Бұған дейінгі кездесуде сұхбат берген жекпе-жек демеушісі Бауыржан Оспанов: «Қанат Ислам қазір WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингінде 5-орында тұр. Егер ол Аллотейді жеңсе, рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағына таласуына мүмкіндік береді», деген болатын.