30 Қазан, 2016

Астанада пәтерді заңсыз берушілерді тексеру басталды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада пәтерлерді заңсыз жалға беру фактілерін анықтау бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды egemen.kz «МИР» телеарнасына сілтеме жасап. «Астанада пәтерлердің тек 4 пайызы ресми түрде жалға беріледі. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұл сан әлдеқайда көп және елорда бюджеті жылына бір миллион доллардан қағылып отыр. Ал жалға алушыларды үй иесінің келісімшарт жасамауы және төлем чегін бермеуі аса алаңдатпайды», - деп хабарлайды телеарна. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 300 пәтер иесі жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрды. Осының арқасында мемлекеттік қазынаға 20 млн. 800 мың теңге түсті», - деп атап өтті учаскелік инспектор Хәлел Тойшыбаев. Мемлекеттік кірістер департаменті жыл соңына дейін 3 мыңнан астам баспананы шығаруға ниетті. Алдымен салық төлеушінің жұмыс орнына тиісті хаттар жіберіледі. Егер салық төлеуден бас тарту одан әрі де жалғасса, хаттама толтыру үшін үйіне баратын болады. Жарты жылдан кейін жекеменшік кәсіпкерлерге қосымша табыс табу мүмкіндігі туады. Жалға берілетін баспаналар ірі халықаралық көрмеге келетін туристер мен қонақтар үшін қажет болады. Билік органдары үй-жайларын жалға бергісі келетін азаматтарды арнайы аккредитациядан өткізуді жоспарлауда. Телеарнаның хабарлауынша, ағымдағы жылы Мәскеуде баспананы жалға берушілер үшін патент алу екі есеге дерлік арзандаған. Солайша, Ресей астанасының қазынасы патенттерді сату мен салықтардан түскен қаржы есебінен 1 млрд. рубльге толыққан.