30 Қазан, 2016

Астанада халықаралық "Жібек жолы" фестивалі басталды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордадағы «Астана Опера» театрында ІІІ халықаралық Жібек жолы фестивалі басталды, деп хабарлайды egemen.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. Осы жолы өнер көрсетуге Миланның атақты «Ла-Скала» және Неаполь қаласының «Сан-Карло» театрлары келді. Олар Чайковскийдің, Мауро Бигонзеттидің хореографияларымен өрілетін операларын қояды. Джузеппе Пигони басқаратын «Сан Карло» театры фестиваль аясында Италияның ұлттық билерін де ұсынбақ. Астана қаласының тұрғындары осы байқау арқылы әлемдік операның классикалық туындыларын тамашалауға мүмкіндік алды. Алдағы аптада Италия театрлары көрермен көзайымына айналады деп күтіледі. Ал астаналық өнерпаздар шетелдік әріптестерімен тізе қоса өнер көрсетіп, мол тәжірибе жинаймыз деп отыр. "Біз көрермендерге жақсы аура беруге тырысамыз. Олар ішіндегі бар эмоцияларын жіберіп, демалулары тиіс. Оның үстіне біз бұл сахнада бірінші мәрте өнер көрсетейін деп тұрған жоқпыз. Шет мемлекеттерден қонақтар келіп жатқанына да қуаныштымыз" - дейді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Мадина Баспаева.