9-12 қараша аралағында Астанада «Eurasian Fair-2016» Еуразия халықаралық көрме-жәрмеңкесі болады. Онда ТМД-ның, Еуропа және Азияның 30-дан астам елінің баспа, кітап саудасы, ғылыми-ағартушылық және полиграфия компанияларының өкілдері бас қосады. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған бұл шараға Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі қолдау көрсетсе, ал ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы.
Көрме-жәрмеңкеге келушілердің назарына жақын және алыс шет мемлекеттердің кітап шығару, полиграфия саласындағы жетекші баспа үйлерінің заманауи кітап өнімдерінің бай ассортименті, жаңа технологиялары ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме-жәрмеңкенің әрі күні қызықты мәдени бағдарламаларға, ғылыми шараларға толы болмақ. Мәселен, оның аясында ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, тұсаукесерлерді, дөңгелек үстелдерді, танымал мәдениет қайраткерлерімен, жазушылармен, ақындармен кездесулерді, форумдарды, байқаулар мен викториналарды өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, бұл күндері баспа үйлері мен кітап саудасын жүргізетін ұйымдардың басшылары, ресми тұлғалар, халықаралық сарапшылар, проза мен поэзияның белді өкілдері, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың, кітапхана, білім беру, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кітап саласы төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқы таразысына салатын болады.
«Eurasian Fair – 2016» Еуразия халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі дирекциясы директорының орынбасасыр Раушан Қапанқызының сөзіне қарағанда, мұндай ауқымдағы шара Астана төрінде алғаш рет ұйымдастырылмақ. Ал оны өткізу туралы бастаманы «Фолиант» баспасы көтерген.
Ләйла Еділқызы, «Егемен Қазақстан»
• 31 Қазан, 2016
Астанада халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026