Семей қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясында өткен қоғамдық тыңдау барысында бұрынғы Интернационал көшесінің атауын аса көрнекті ғалым, абайтанушы, Абай мұражайын құрушы, Алаш қайраткерлерінің ізін жалғаушы Қайым Мұхамедхановтың атына ауыстыру мәселесі қаралды. Қала басшылығы, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысқан тыңдау барысында тұрақты комиссия мүшелері көшеге ғалымның есімін беруді қолдады.
Биыл бірқатар өңір зиялылары және Дина Қайымқызы ғалымның атына өзі еңбек еткен Семей қаласынан көше атауын беру туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Бұған дейін ғалымның атына ауыстырылмақ болған Шмидт көшесіне Қ.Мұхамедхановтың ұрпақтары мен семейлік зиялылар қарсылық білдірген еді. Олар аталған көше қаға берісте, елеусіз әрі кішігірім көшелердің бірі деген уәжді алға тартқан болатын. Ал Интенационал көшесі қаланың орталығында орналасқан.
– Жергілікті ономостика комиссиялары 2013 жылы таратылғандықтан, тұрақты комиссия мүшелерінің дауыс беруімен мәслихат хаттама толтырып, оны жергілікті атқарушы билік өзінің ақпараттық ресурстарында жариялайды. Бұдан кейін облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялардың қарауынан өтуі тиіс. Үкімет қаулысымен толығымен бекітілген соң ғана көше атауы заңды болмақ, деді бұл турасында Семей қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкері Толқын Берікбекова.
Биыл өңірде Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдық мерейойы аясында түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Жыл басында Өскемен қаласындағы А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалымның электрондық библиографиясының тұсаукесері өтсе, Семейде «Қазақтың ұлы Қайымы» атты танымдық кеш ұйымдастырылған болатын. Қазіргі кезде ғалымның есімін облыс орталығында да тиісті деңгейде ұлықтау мәселесі қаралып жатыр.
Думан Анаш, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026