31 Қазан, 2016

Қазақ радиосының жобасы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ радиосының «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» атты жобасы халықаралық «Радио без границ» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды egemen.kz kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап.

Жоба «Іскер тұлғаларға арналған бағдарлама» аталымы бойынша үздік шыққан.

«Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» - Қазақ радиосы мен «Радио России» радиостанциясының бірлескен бағдарламасы. 25 бөлімнен тұратын радиоциклда Елбасының қарапайым ауыл баласынан президенттікке дейінгі өмір жолы баяндалады.

Жобаның авторы – ҚР Президенті Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасымбеков. Редакторы - Қазақ радиосының директоры Махат Садық. Мәтінін оқыған - СССР халық әртісі Василий Лановой.

Айта кетейік, халықаралық «Радио без границ» байқауы Ресей радио академиясының ұйымдастыруымен Татарстанның Қазан қаласында өтті. Байқауда ТМД-ға мүше мемлекеттер мен Балтық жағалауы елдерінен 82 радиостанция бақ сынаған.