31 Қазан, 2016

Лондондық профессорлар Шымкенттің білім жүйесімен танысты

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай және қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева Кэмбридж университетінің профессорларымен кездесті, деп хабарлайды egemen.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Профессорлар құрамында білім саласындағы халықаралық эксперттер - доктор Коллин Маклафлин (Кембридж университеті жəне Сассекск университеті), профессор Дэвид Бриджес (Кембридж университеті) жəне доктор Питер Мехисто (Лондон университетінің Білім институты) болды.

Әңгіме барысында шымкенттік тарап қонақтарды қазіргі білім беру жүйесімен, мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жалпы жағдайымен таныстырды. Кездесу қорытындысында тараптар алдағы уақытта екіжақты серіктестік орнататындарын айтты.