Белгілі актер, әнші Байғали Есенәлиевтің үш томдық кітабы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Таймас» баспасынан жарық көрді.
Кітап демекші, сахна өнері, әріптестері туралы кітап жазу – шығармашылық адамдары арасында ежелден бар дәстүр. Мысалы, кітаптары жарық көрген өнер иелерінен театр актрисасы, марқұм Хабиба Елебекова апамыздан бастап, Бикен Римова, Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев, Аман Құлбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов... саңлақтар толып жатқан жоқ па? Сол сияқты, Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров, Қанабек Байсейітов сияқты толағай тұлғалардың жазбалары кейінгі өскелең ұрпақ үшін қашанда тарихи құнды шежіре болып қалмағы анық. Б. Есенәлиевтің үштомдығы сондай айшуақ жолдың бүгінгі рухани жалғасы іспетті. Осыған орай көпшілік бұрын актер, әнші ретінде өнерін сүйіп бағалаған оны мына кітабы арқылы қаламгер ретінде жатырқай қоймас деген сенімдеміз.
Бірінші томда автордың өлеңдері мен поэмаларына, жастық шақтағы албырт сезім жырларына, сондай-ақ ақылы толыса бастаған, есею кезеңіндегі өлеңге айналған ойлары мен байсалды байламдарына орын берілген. Сонымен қатар, мұндағы Иран-Ғайып, Қасымхан Бегманов, Гүлнәр Шәмшиева сынды бірқатар танымал ақындардың Байғалиға арнап әр кезеңдерде жазған жыр лебіздерінен актер болмысының шығармашылық қырлары жан-жақты айқындала өріледі. Кітап көзі тірісінде Байғалиға шығармашылық сәт-сапар тілеген белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтің ақжолтай алғысөзімен ашылып, әрі қарай өнер иесінің өмірдегі, сахнадағы кескін-келбеті жайында белгілі ақындар Ақұштап Бақтыгереева, Исрайыл Сапарбаев, Әбдірахман Асылбеков сынды аға-апалары ыстық лебіздер арнайды.
Ал үштомдықтың екінші томына сахнадағы сәттері, сағынышқа толы естеліктер, әріптестерінің басынан кешкен түрлі ерекше оқиғалар, бүгінде өзі қызмет атқаратын Қазақстандағы авторлық құқық саласының мәселелері туралы ой-толғаулары топтастырылған. Сонымен бірге, жинаққа өзі көп жылдар зерттеген Мұхаммед Хайдар Дулати тақырыбына арналған тарихи-зерттеу еңбектері енген.
Үшінші том еліміздің театр сахналарында әр жылдарда қойылған пьесаларынан, кезінде А.Әшімов, Н.Ықтымбаев, С.Нарымбетов, С.Жармұхамбетов сынды қазақ ұлттық кино өнерінің қайраткерлері тарапынан жоғары бағаға ие болған киносценарийлерінен құралған.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10