01 Қараша, 2016

Бетті бастым, тұра қаштым...

552 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазір әлеуметтік желі деген бар, келеңсіз көріністер тез арада, ылдым-жылдым тарап кетеді. Алматы қаласында көліктен шықпай дәрет сындырған полицейдің оғаш қылығы әлеуметтік желі арқылы әп-сәтте көптің құлағына жетіп, «ойпырмай» дестік. Ұят, әрине. Ерсі. Басқа емес, тәртіп сақшысы осылай жасап жатқанда, басқалар не істемейді?!. Полицей тиісті әкімшілік жазасын алады, бірақ осындай ерсі жағдайды ертең тағы біреудің қай­таламасына кім кепіл? Ол бейне­­каме­раның ілгегіне түсе ме, жоқ па, біл­мей­міз. Түспей-ақ қой­сын, оны әлеу­мет­тік желіге жүк­темей-ақ қойсын. Бірақ көзге де, бейнекамераға да түспей, тасада, қал­тарыста «шаруаларын» тындырып, «жеңілдеп» жүре беретіндер қай қалада бол­са да кездеседі. Бұ­ған ешкім дау айта алмас. Адам жаны қысылғанда, ештеңеге қарап жат­­­пайды. Ештеңені ойламайды. По­лицей­дің де тірлігі осы. Жаны қы­сылды, жасады. Басқа ама­лы жоқ. Шалбарын немесе көліктің ішін былғамайды ғой. Жақын маңда жүгіріп бара қоятындай әжетхана бол­маған соң, қайтсін енді? Оның қы­лығы «Қысылғаннан қыз болдының» кері. Қазақстанның елордасы – Ас­та­­на­­да осындай ерсі жағдай кез­дес­пейді деп кім кепілдік бере алады? Ешкім де. Сөзім дәлелді болуы үшін мысал келтірейін. Күні кеше, тапа-тал түсте, Сәтбаев көшесінің бойында тал-теректің тасасында егде кісінің дәрет сындырып тұр­ғанын көрдім. Қуана хабарлайтындай емес, әрине. Көрген көзде жа­­зық жоқ. Ауылдан келген кісі еке­ні киімінен де, тұры­­сынан да байқалып тұр. Қасында, әйелі болса керек, қолында пакеті бар, қалқалап тұр. Әлгі кісінің әбден қысы­л­ғандықтан, осындай шарасыз күйге барғаны анық. Әжетхана іздеген болар. Сұ­растырған шығар. Тап­пады ма екен? Сонан соң, амал жоқ, осылай жасауына тура келген болар. Көрсек те көрмегенсіп, бе­ті­мізді басып, теріс айнал­дық. Егер сол қа­рия­ның үсті­нен тәртіп сақшылары түс­се, үлкен кісіні әбден әбігерге са­ла­тыны сөзсіз. Зейнетақысы жетпей­тіндей айыппұл салуы да мүмкін. Көрдіңіз бе, қоғамдық әжет­­­ха­на­ның жоқтығы сал­­да­ры­­нан қаншама қиын­­дыққа тап болады қара­пайым адам? Астананы аралауға, ту­ған-туыс, балаларымен қуа­на қауышуға кел­ген шығар, бәлкім, әлгі кісі. Мына­дай жағдайды көріп, ауылға қан­дай күйде қайтатынын кім біл­сін?!. «Астанаңда әжетхана таппай әбден қысылдым ғой, енді бармас­пын», демесіне кім кепіл? Мүмкін, үлкен­дігіне салып, үндемей қоя салар. Қалай болғанда да, бұл бір кісі  ғана тап болып отырған жағдай емес, күніне қаншама адам осындай күйге түседі. Бұл – күндізгі жағдай. Ал түн­ге қарай көше қыдырған жас­­­­тар «қысылған кезде» тұр­­ғын үйлер­дің қалта­рыс­тар­ына, тал-теректің тү­біне, бас­қа да ыңғайлы орындарға ба­­рып «жеңілдеп» алады. Тіп­ті, қыс мез­гілінде үй­лер­дің подъезд­еріне еніп, «тір­ліктерін» бітіре­тіндер де бар. Аула сыпырушылар мен подъезд жинаушылар бұл сө­зі­ме кепілдік бере алады деп ойла­ймын. Өйткені, олар мұн­дай тә­р­­тіп­­сіздікпен күнде кез­десіп жүр. Сон­дықтан мен жаңалық ашып отырған жоқ­пын. Бұл – көптің көкейінде жүр­ген өзекті әлеуметтік мәселе. Көшелердің бойында ақылы әжет­ханалар ашу соншалықты қиын емес шығар?! Әлде, пайда әкел­мейтін тірлік пе? Бі­рақ, пайдасынан бұрын халық­тың жағдайын, қа­ланың тазалығын ойлаған дұрыс шығар. Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан» АСТАНА