талай таланттың тұсауын кесті
Қазақтың өнер әлеміндегі Алатаудай асқақ ақын, кербез композитор Кенен Әзірбаевтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өлмес мұрасы мен өшпес өнегесі Тараз төрінде тағы бір паш етілді. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты VIII республикалық әншілер конкурсы Әулиеата аспанын ән-жырға бөледі.
Өскелең ұрпақты К.Әзірбаевтың шығармашылығымен тереңірек таныстырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді және дәстүрлі орындаушылық өнерді жан-жақты насихаттау, сондай-ақ, дарынды жастардың орындаушылық шеберлігін шыңдап, көпшілікке кеңінен танылуына мүмкіндік жасауды басты мақсат тұтқан бұл ән конкурсына биыл дарқан даламыздың Астана, Алматы қалаларынан және Ақмола, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан барлығы 22 әнші мен өнер майталмандары қатысты.
Жалпы алғанда, Кенен Әзірбаев атындағы «Шырқа, даусым!» атты республикалық әншілер конкурсы дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Ауқымы кең бұл байқаудың жүлдегерлері қазіргі таңда үлкен сахналардың саңлағына айналып, халықтың жүрегінен орын алған.
Рамазан Стамғазиев, Шолпан Даржанова, Ардақ Балажанова, Саят Медеуов, Оңал Азаматова сынды елімізге танымал өнер майталмандары қазылық еткен бұл конкурста алматылық Данияр Рахымбаевтың бағы жанып, бас жүлдені жеңіп алды. Сөйтіп, ол Кенен ата ұрпақтары атынан тігілген темір тұлпарды жеңімпаздың қанжығасына байлады. Ал тағы бір Жетісу дәстүрлі ән мектебінің өкілі Қайратбек Бектұрсын жүлделі бірінші (700 мың теңге) орынға лайық деп табылса, Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Құрбанәлі Мұхаммед екінші орын (500 мың) биігінен көрінді. Елордалық Айдос Оңғарбай үшінші орынды (300 мың) жеңіп алды. Төрткен Кененқызы атындағы арнайы сыйлықты алматылық жас әнші Айдана Асанбай иеленсе, басқа да өнерімен ерекше көзге түскен үш қатысушыға ынталандыру жүлдесі берілді.
Әрине, жамбылдық ағайындардың қазақ елінің мақтанышы болып келе жатқан перзенттің есімін ардақтап, ұлтымызға қалдырған ұлағатын ұлықтап жатқаны өнерімізге, тарихымызға жасалған құрмет екені анық. Ендеше, кең даланың бозторғайы атанған Кенен Әзірбаев атындағы ән конкурсы әлі талай таланттың тұсауын кесіп, Әулиеата төрін ән-жырға бөлей беретіні сөзсіз.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
ТАРАЗ
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
Қоғам • Бүгін, 18:30
Астанада көпір үстінде ереже бұзған көлік жүргізушісі жазаланды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды
Қоғам • Бүгін, 17:57
Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді
Шахмат • Бүгін, 17:45
Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет
Қоғам • Бүгін, 17:30
Ұлттық банк зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің өсу себебін түсіндірді
Банк • Бүгін, 17:25
Әлем чемпионатының ашылу салтанаты үш елде өтеді
Футбол • Бүгін, 17:14
Атырауда «Адалдық жаршысы» республикалық жабық жыр мүшәйрасы басталды
Руханият • Бүгін, 16:55
Астанада Қытай мен Орталық Азия жастарын біріктірген E-LIGHT 2026 фестивалі өтті
Қоғам • Бүгін, 16:54
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:50
Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинаған
Оқиға • Бүгін, 16:43
Жалақы қысқарып, орден табысталмаған: Бибісара Асаубаева Президентке үндеу жолдады
Шахмат • Бүгін, 16:35
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды
Әдебиет • Бүгін, 16:27
Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады
Қоғам • Бүгін, 16:22
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы қабылданды
Технология • Бүгін, 16:07