02 Қараша, 2016

Үздік әлеуметтік жобалар марапатталды

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2644_oko_4Шымкенттегі «Rixos Khadisha» қонақ үйінің салтанат сарайында «Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-тың ұйымдастыруымен өткен шараға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиында сөз алған Ден­саулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүй­сенова Қазақстанда әлеу­мет­тік­ жобаларды жүзеге асы­ру­­­дың көмегімен өмір­дің қи­ын­­дықтарына тап болған 250 мың­­нан астам азаматқа, оның ішін­­де 100 адамға көмекке зәру адам­дарға көмек пен қолдау көр­сетілгенін баяндады. Биылғы бай­қауда аймақтық комиссия 178 өтінішті қарап, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңіне өткен екен. Комиссия мүшелері Денсаулық және әлеуметтік даму министрлі­гі сайтындағы дауыстар­­дың нәтижесін сараптап, еліміз­­­дің барлық аймақтарында жүзе­­­ге асыруға мүмкіндігі бар жо­­ба­ларды анықтады. Бірінші орын «Онлайн сурдо­аударма қызметі» әлеу­мет­тік жобасының авторы ал­­ма­тылық Сергей Махашев­ке бе­­ріл­ді. Екінші орынды Көк­ше­тау ­қа­ласындағы мүмкінді­гі шектеулі азаматтар мен Красный Яр ауылында тұра­тын «18 жас­қа дейінгі мүге­дек-балаларға үйде паллиа­тивті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы иеленді. Үшінші орынға «Адам сау­дасының құрбандарына арнаулы әлеу­меттік қызметтер көрсе­ту» әлеу­меттік жобасының авто­ры, аста­налық Анна Рыль ие бол­ды. Ешкім тағдырын жа­рат­қаннан сұрап алмайды. Бұ­­лар мүмкіндігі шектеулі бол­ған­дарымен, өзгелермен тең­дей өмір сүруге құқылы. Еліміз­де жыл сайын осы салада­ғы азаматтарға әлеумет­тік кө­мектер көрсетілуі жақ­сы қар­қын алып, рухани демеу­дің жаңа тетіктері қолға алын­ып ке­леді. Қазақстан бойын­ша жү­зеге асырылуға жарай­тын әлеу­меттік жобалар соның бір тармағы ғана. ШЫМКЕНТ