02 Қараша, 2016

Тоқаев: Ағылшынша Qazaqstan деп жазған дұрыс

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Парламенті Сенатаның төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзін ағылшын тілінде дұрыс жазу мәселесін қозғады, деп хабарлайды egemen.kz. «KAZAKHSTAN-нан гөрі, ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетеді», - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында. Осыған дейін де көптеген мамандар мемлекет атының латын қаріпімен жазылуы дұрыс емес екендігін айтқан еді. Лингвистердің айтуынша, қазақша "қ" әрпі ағылшынша "q" деп таңбаланады. Сәйкесінше, "Қазақстан" сөзі Qazaqstan деп жазылуы керек. Осыған орай "Атамекен" Ұлттық палатасының басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбенов те өз пікірін білдірді:  "Дұрыс Тоқаевтікі! Əрине Qazaqstan! Тәуелсіздіктің 25 жылдығында төлқұжаттағы қателікті өзгерте алатын шығармыз. Себебі қазақша "ҚазаҚ" болады. Алғашқы жылдары атаудың өзін емес, орысша нұсқасын назарға алған ғой. Әрине, бұдан басқа жұмыс қалмады ма, ақшаны босқа шашпау керек деушілер де табылар. Айтса айта берсін. Істеу керек. Уақыт өте келе бәрін алмастырамыз" - деді ол Facebook парақшасында.