02 Қараша, 2016

Павлодарда әскери-техникалық мамандар тегін оқытылмақ

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Павлодар облыс орталығындағы әскери-техникалық мектепте 2017 жылы 1 ақпаннан бастап тұңғыш рет әскери мамандықтар тегін оқытылады, деп хабарлайды egemen.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Әскери-техникалық мектептің директоры Омарбек Айтжановтың айтуынша, төрт айлық оқуға әскер жасындағы азаматтар ғана қабылданады. Оларға қойылатын басты талап - денсаулығы мықты, физикалық тұрғыдан сау болуы ғана. «Болашақта әскери қызметкер атанғысы келген жастарға есігіміз ашық. Жылына 90 адамды қабылдап, автоэлектрмеханик, аспаз, тігінші, жүргізуші секілді жұмысшы мамандықтарын дайындаймыз. Түлектер емтихан кезінде берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап шыққан жағдайда ғана осында оқығанын куәләндыратын құжат беріледі. Кейін олар бір жылдық әскери міндетін өтеуге жіберледі. Өйткені, қорғаныс саласында жұмыс істейтін адамдарға бұл міндетті. Содан кейін олар ҚР Қорғаныс істері жөніндегі министрлікке қарасты кез-келген мекемеге өз мамандығы бойынша қызметке орналаса алады. Осылайша, еліміздің қорғаныс күштеріне қажетті әскери-техникалық мамандықтарға деген сұранысты орындайтын боламыз. Оқуға ниет білдіріп, құжат тапсырған азаматтар алдын ала іріктеуден өтеді», - дейді Омарбек Айтжанов.