02 Қараша, 2016

«Сарыарқаның» хоккейшісі – аптаның үздік шабуылшысы

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
khokkey-1 Шайбалы хоккейден Ресейдің ашық чемпионаты – Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген Қарағандының «Сарыарқа» командасының ойыншысы Олег Ломако аптаның үздік шабуылшысы атанды. Қарағандылық хоккейші үш ойында 4 ұпай (3+1) жинады. Сондай-ақ, ол бір ойында екі шайба, бір матчта жеңіс голын салып, мергендігімен көзге түскен. Еске салсақ, Жоғары хоккей лигасында арнайы комиссия статистикалық нәтижелер мен сарапшылардың талдауларына сүйене отырып, аптадағы «үздік қақпашы», «үздік қорғаушы», «үздік шабуылшы» және «үздік жаңа ойыншы» аталымдары бойынша лауреаттарды анықтап отырады.