02 Қараша, 2016

Астана мен Алматы арасында тәулігіне үш жүрдек пойыз қатынайтын болды

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөмірлеріне өзгерістер енгізгенін хабарлайды. 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді: - «Алматы-2-Астана» бұрын №1/2 болса, енді №701/702; - «Алматы-2-Петропавл» бұрын №701/702 болса, енді №705/706; - «Астана-Шымкент» бұрын №79/80 болса, енді  №707/708. Сонымен қатар 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап №3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап №11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы   жаңа үлгідегі  «Тұлпар-Тальго» кең кузовты вагондармен жасақталатын болады. Жолаушылар пойызын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған үш жүрдек  пойыз (№3/4, 701/702 және 705/706) қатынайтын болады.