02 Қараша, 2016

Қазақстандық гір спортшысы - әлем чемпионатының күміс жүлдегері

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбеде гір спортынан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды egemen.kz BNews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап. Әлем чемпионатына 37 мемлекеттен 440 спортшы қатысқан. Ақтөбеге АҚШ, Англия, Канада, Германия, Жапония, Ресей, Дания секілді елдерден қатысушылар келген. 68 кг салмақ дәрежесіне дейінгі 90 спортшы бақ сынаған сайыста Татьяна Потемкина ресейлік Александра Васильеваға есе жіберіп, күміс медаль алды. "Әлем чемпионаты Қазақстанда бірінші рет өткізілді. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Мен бұл чемпионатқа ұзақ дайындалдым. Бірақ ресейлік спортшы гірді 197 рет көтерді. Шынымды айтсам, бұл көрсеткіш мені таң қалдырды", - деді Т. Потемкина. Естеріңізге сала кетсек, Татьяна Потемкина гір спортынан әлемнің алты дүркін чемпионы, көптеген әлем және Еуропа рекордтарының иесі.