02 Қараша, 2016

АҚШ режиссері бүркітші қазақ қызы туралы фильм түсірді (трейлер)

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1

Танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы АҚШ-та "Бүркітші" (Eagle Huntress) деректі фильмі түсірілді. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.

13 жасар Айшолпан әлемдегі ең жас бүркітші қыз саналады. Фильмде бүркітшілік өнерді жылдам меңгерген Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы, қазақ ұлтының дәстүрлері туралы көріністер көрсетілген. Фильм режиссері - Отто Белл.

Бүркітпен аң аулау - ер адамның ісі деп қабылданғандықтан, фильмді түсірушілер ауыл ақсақалдарына барып, әйел адам неге айналыса алмайтынын анықтауға тырысыпты. Сонымен қатар Отто Белл аңды ұстағандағы кей көріністерді көрермен дәстүрді білмей, дұрыс түсінбей қалуы мүмкін деген оймен қысқартқанын айтқан.