02 Қараша, 2016

Павлодарда көлік ұрлаған қыз ұсталды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Павлодар полициясына үй ауласынан «Мазда- 626» көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Полиция «ұстау» жоспарын құрды және аз уақытта патрульді полиция ұрланған автокөлікті тапты. Оның рөлінде 21 жастағы Павлодар тұрғыны болған. Полицияның анықтауынша, бойжеткен ауладағы көлікті көріп, ұрлап әкетуді ойластырған. Кеш батқан соң, жолаушылар есігін бұрауышпен ашып, қозғалтқышын іске қосып, айдап әкеткен. Күдікті бұрын істі болған, еш жерде жұмыс істемейді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлімі («Автокөлікті жымқыру мақсатынсыз айдап кету») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.