03 Қараша, 2016

Заң жобасының негізгі ережелері талқыланды

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
kazmedia-ortalygyndaКеше «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Топтың жұмысына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкі­меттік емес ұйымдардың, бұқара­лық ақпарат құралдарының және қоғам­дас­тықтың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында заң жобасының негізгі ережелері талқыланды, ол 1 қара­шада министрліктің ресми сайтына орналастырылды. Отырысты ашу барысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев заң жобасын әзірлеу басында ми­нис­т­рлік барлық мүдделі тұлғалар қатыс­­қан кезде оны талқылаудың ашық­ты­ғы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету мақ­­сатын алға қойғанына назар ау­дар­ды. Ол, сондай-ақ, ақпарат, байланыс жә­не ақпараттандыру саласы бүгінде шын мәнінде, жаһандық деңгейде болып жат­қан технологиялық және қоғамдық қайта құрылу авангардында ауқымды өзгерістерге ұшырап жатқанын атап өтті. Д.Абаев қоғамдастыққа ұсынылған заң жобасы министрліктің пікірі бо­йын­ша қазіргі кезеңде талап ететін өзге­ріс­тердің көрінісі болып табылатынын атап өтті. Министр осы жұмысқа белсенді қа­тыс­қан Жұмыс тобының барлық мүше­лері­не ризашылығын білдірді және бар­лықтарына табысты еңбек тіледі. Іс-шарада, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі А.Әжібаев пен Жұмыс тобының басқа да мүшелері сөз сөйледі. Отырыста айтылған барлық ұсы­ныс­тар ми­нистрлік тарапынан ескеріліп, одан әрі жұ­мыста пайдаланылатын бо­лады. Заң жобасының мақсаты бұқаралық коммуникацияның технологияларын да­мытуға сәйкес БАҚ, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс саласында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады. Құжатта 200-ге жуық түзетулер қам­тыл­ған және 4 кодекс пен 12 заңға өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу көз­деле­ді. Жұмыс тобының құрамына 60-қа жуық адам кірді. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20