Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың моделі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумына қатысушылардан
ҮНДЕУ-ҚҰТТЫҚТАУ
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқасында Бейбітшілік, Бірлік және Тұрақтылық Қазақстанның орнықты дамуының шешуші қағидаттарына айналды. Бүгінде, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында біз ел табыстарының негізінде шын мәнінде Сіздің есіміңізбен байланыстырылатын қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі жатқанына нық сенімдіміз. Сіздің бастамаңызбен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы институты этностық, мәдени, діни көпқырлылықтың тұрақтылық пен жасампаздық ресурсына трансформациялануына оң ықпал етіп отыр. Қазіргі кезеңде Н.Назарбаев моделі дамуының жаңа деңгейі кең ауқымды жаңғырту жобасы – Ұлт жоспары «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» жобасында іске асырылуда. Сіз құрған «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық тұғырнамасы, оның этностарды топтастырудағы рөлі бүгінде түрлі елдердегі қоғамтанушы-ғалымдардың түбегейлі зерттеу тақырыбына айналып отыр. Н.Назарбаев моделіне негізделген Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдік тұрақтылық пен қауіпсіздікке қосылған шешуші үлес болып табылады. Әлемде тұңғыш болып Семей ядролық сынақ полигонын жапқан және атом қаруынан бас тартқан Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, халықаралық саясатқа жаңа моральдық стандарт енгіздіңіз. Сіз Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – БҰҰ-ның ресми мәртебесін алған қуатты жасампаздық күші бар құжат болып табылады. Сіз тағайындаған «Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» халықаралық сыйлығы еліміздің бейбітсүйгіш сыртқы саясатының жарқын айғағы болды. Қазақстан Республикасының жоғары халықаралық беделінің, оның халықаралық қауіпсіздік пен мемлекетаралық қарым-қатынастарда сенім шараларын нығайтуға қосқан үлесінің танылуы – Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы. Біз, «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ МОДЕЛІ: БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумына қатысушылар, Сіздің Қазақстанның дәйектілікпен дамуын қамтамасыз етуге, Орталық Азия өңірі мен бүкіл әлемде сенім шаралары мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған дана да көреген саясатыңызға бірауыздан қолдау білдіреміз. Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Сізді және бүкіл Қазақстан халқын тарихи оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз және бейбітшілік, игілік пен өсіп-өркендеу тілейміз. «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ МОДЕЛІ: БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында қабылданды Астана, 2016 жылғы 28 қазан