06 Наурыз, 2011

8 наурызға сыйлық ретінде – трактор

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Минскінің облыстық атқару комитеті жергілікті ауыл шаруа­шы­лығы кәсіпорындарының әйел жетекшілеріне 8 наурыз мерекесіне орай трактор сыйлаған жөн деп тапқан. Сөйтіп, ведомство Халықаралық әйел­дер күні мерекесі қарсаңында сыйлық ретінде барлығы 18 трактор таратып берген. Ауыл шаруашы­лығы жұмыстары үшін аса қажетті техника бюджет қаржысына сатып алыныпты. Техниканы тапсыру салтанаты 4 наурыз күні болып өтті. Сол күні сондай-ақ Минск облысының басқа да танымал азамат­шаларына сый-сияпаттар жасалып, құрмет көрсетілген. Жалпы, Халықаралық әйелдер күні мерекесі әлемнің 30 елінде мереке күні болып табылса, соның ішінде тек Қытай мен Мадагаскарда ғана нәзік жандылар үшін демалыс деп жарияланған. Бір-бірінен аумайтын «саңлақтар» 1951 жылы құрылған «Grazy Horse» кабаресінің атағы бүгінде тым алысқа кеткен, дейді білетіндер. Сол жылы америкалық Ален Бернарден құрған осы әдемі эро­тикалық шоу несімен ерекшеленеді десек, бишілерінің бір-бірінен айнымайтындай етіп мұқият іріктелетінімен ерекшеленеді екен. Сахнада билеп жүрген қыздарды бір-бірінен ажырату мүлдем мүмкін емес көрінеді. Қазіргі кезде атақты кабаре Мәскеуде «өнер көрсетіп» жатыр. 3 наурызда басталған эротикалық шоу тобының гастрольдік сапары 8 наурызға дейін жалғасады. Бойларында мысқалдай да міндері жоқ құлын мүсін қыздар өнерін тамашалаушылар қатарының қалыңдығы сондай, олар билейтін қымбат мейрамханалардан орын табу қиынның қиыны болып тұрса керек. Интернет материалдары негізінде әзірленді.