Петропавлда жүзге тарта аққу мен үйрек мұз құрсауында қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Күз жылы болғандықтан олар оңтүстікке ұшуға асықпаған. Енді солтүстіктің суығынан сескенген инспекторлар құстарды күн сайын бақылауда ұстауға мәжбүр.
Шаһар түбіндегі көлшік - құстардың алысқа ұшар алдында тынығып, әл жинайтын жері. Бұндай көлшіктердің облыста он шақтысы бар. Осындай тоғандарда олар бір үйірге топтасатын көрінеді. Негізгі бағыттары - Каспий теңізі мен Днепр өзені. Тіпті Еуропаға да жететіндері бар. Бірақ жыл сайын кеш ұялаған құстардың қанаты қатаймаған балапандары мен жаралы құстар мұз құрсауында қалып қояды екен. Егер аяз түсер болса, экологтар төтенше жағдай департаментімен бірігіп құстарды құтқару операциясына кіріспек.
«Ұша алмай қалған құстарды біз төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге аулап, жылы арна деп аталатын көлшікке апармыз. Ол жерде құстар емін-еркін қыстап шыға алады. Қазір күн сайын осындай көлшіктерге барып, құстарды санап бақылап жүрміз», - дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім бастығы Олег Беспалов.