03 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығы  №493 

285 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 15 қыркүйек, Астана қаласы «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11172 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік кірістер органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар Қазақстан Республикасы және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасымен белгіленген мағынада қолданылады. Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомаларының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің лауазымды тұлғасы түсініледі.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу мынадай тәсілдермен қамтамасыз етіледі: ақшамен; банк кепілдігімен; кепілгерлікпен; мүлік кепілімен; сақтандыру шартымен. Кодекстің 143-бабының 1-тармағында көрсетілген кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген өзге де жағдайларда кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету қолданылады. Кедендiк тасымалдаушы және (немесе) кеден өкiлi ретiнде қызметтi жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады.»; 6-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Карточка екі данада ресімделеді: Карточканның бірінші данасы, оны тіркеген мемлекетік кірістер органының бөлімшесінде қалады; екінші данасы, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады.»; 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «10. Кодекістің 298-бабына сәйкес кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығарған жағдайда, шығару оны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне қосу үшін енгізілген, уәкілетті экономикалық операторда бар кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы шегінде жүзеге асырылады. Уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі немесе тауарларды шығаруды жүзеге асырушы лауазымды тұлға, тауарларды шығарумен байланысты міндеттемелер орындалғанға дейін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматандырылған ақпа­раттық жүйесіне немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға бұл туралы ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға, уәкілетті экономикалық оператор декларант болып әрекет ететін кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару туралы ұсынылған ақпаратты ескереді, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператор тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне аталған ақпаратты жолдайды және (немесе) хабардар етеді. 11. Төлеуші, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжатардың көшірмелерін бере отырып, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға бұл туралы ақпаратты жолдайды.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін кедендік операциялар жүргізілген мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелеріне немесе кедендік операцияны жүзеге асырған лауазымды тұлға ұсынған құжаттарды, кедендік операцияларды жасаған кездегі міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуына тексеруді жүзеге асырады.»; 15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «15. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тисінше орындамаған кезде, аталған кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесі немесе кедендік операцияны жүзеге асырған лауазымды тұлға міндеттеменің орындалу мерзімі келген немесе міндеттемені орындамау немесе тисінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды ұсына отырып, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпараттарды жолдайды. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде төлеушінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тисінше орындамағаны туралы ақпараттарды алғаннан кейін Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға төлеушінің өз міндеттемелерін орындамаумен немесе тисінше орындамаумен байланысты шараларды қабылдайды. 16. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкалары тізілімінде ресімделген Карточкалардың есебін жүргізуді жүзеге асырады. 17. Төлеушінің өтініші бойынша, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізу бойынша кедендік операция жасалмаған жағдайда, Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету карточкасы тізілімінің ескертпесіне күшін жою туралы мәліметтерді енгізе отырып, Карточка күшiн жоюға жатады. Карточка күшін жойған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға Карточканың екінші данасы жолданған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесін Карточканың күшін жоюы туралы ақпараттандырады.»; 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «19. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер орган бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ақшаны уақытша орналастыру шотына қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы ұсынылған төлем құжаттарының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша мемлекеттік кірістер органының уақытша орналастыру шотына кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын енгізу туралы Төлем құжаттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді. 20. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға, ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны салған кезде төлеушінің кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындауын есепке алу және бақылау мақсатында осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточкаларды (бұдан әрі – Қамтамасыз ету сомасы бойынша жеке карточка) жүргізуді жүзеге асырады.»; 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. Төлеуші ақшаны уақытша орналастыру шотына ақшаны енгізуді қамтамасыз ету міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын бюджетке есептеуді жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күнінің ішінде төлеушіге, олардың міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасының бюджетке есептелуі туралы хабарлайды.»; 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «33. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынылған банктік кепілдіктің, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды камтамасыз ету сомаларын есепке алу мақсатында, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Банктік кепілдіктер тізілімін қалыптастыруды жүргізеді. 34. Банк кепілдігімен қамтамасыз ету міндеттемесін орындаған төлеуші, бұл туралы Банкке хабарлайды. Банк кепілі бақылаудан алынады, ал банктік-кепіл, орындау үшін банктік кепіл берілген міндеттемелерді төлеуші орындаған жағдайда банктік кепілдің қолданылуын тоқтату туралы Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға хабардар етеді.»; 42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «42. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынылған кепілгерлік шарттың, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кепілгерлік шарттар тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынылған мүлік кепілі шартының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мүлік кепілі шарттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Карточканы тіркеген мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынылған сақтандыру шартының, сондай-ақ Карточкада көрсетілген мәліметтердің негізінде, кедендік баждарды, салықтарды қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізу мақсатында, осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сақтандыру шарттарының тізілімін қалыптастыруды жүргізеді.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.СҰЛТАНОВ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 15 қыркүйек № 493 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 cәуірдегі № 274 бұйрығына 2-қосымша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді (бұдан әрі – бас қамтамасыз ету) қолдану тәртібін айқындайды. Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі) лауазымды тұлғасы түсініледі. 2. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының аумағында сол бір тұлға белгілі бір мерзімде бірнеше кедендік операциялар жасаған кезде қабылдайды. Бұл ретте, тауарлардың бір партиясына қатысты бас қамтамасыз ету бойынша бірнеше кедендік операцияларды жасауға жол беріледі. Кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің (бұдан әрі – төлеуші) өтінішінде айқындалған мерзімге мемлекеттік кірістер органдары Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімінен асуы тиіс. 3. Кедендік операциялар жасалатын не басталатын мемлекеттік кірістер органына бас қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылған Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау (бұдан әрі – БҚР) болып табылады. 2-тарау. Кедендік операцияларды жасаған кезде бас қамтамасыз етуді қолдану тәртібі 4. Мемлекеттік кірістер органдары төлеушінің жазбаша өтініші бойынша бас қамтамасыз етуді осы өтініште айқындалған мерзімге қабылдайды. 5. Мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде, немесе уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік кірістер органында өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей әрбір кедендік операцияға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасы (бұдан әрі – Карточка) ресімделеді. 6. Карточка мынадай даналарда ресімделеді: Карточканың бірінші данасы, оны тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде қалады; қалған даналары, тиісті кедендік операциялардың санына қарай, Карточка тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне және (немесе) кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органына немесе кедендік операцияны жасауды жүзеге асырушы лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады. Бұл ретте, уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда, Карточканың екінші данасы ол тіркелген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне беріледі және (немесе) жолданады. Уәкілетті экономикалық оператор ретінде қызметті жүзеге асыру үшін кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне немесе кеденге ұсынылады. 7. Ресімделген Карточкалардың негізінде Карточканы тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға 1-6, 11-бағаналарын толтыру арқылы БҚР ресімдеуді жүргізеді. Бұл ретте БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға БҚР-ның есебін, БҚР-да көрсетілген кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің енгізілген сомасының жеткіліктілігіне бақылау жүргізеді. 8. БҚР тіркеу нөмірінің мынадай құрылымы бар: ООООО/ККААЖЖ/ННННН, мұнда: ООООО – БҚР-ны тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды; КК – тіркелген күні; АА – тіркелген айы; ЖЖ – тіркелген жылдың соңғы цифры; ННННН – БҚР-дың реттік нөмірі. БҚР-дың реттік нөмірлерін нөмірлеу бір санынан басталады. Әрбір келесі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан бастап Карточканың реттік нөмірлерін нөмілеу бір санынан басталады. 9. БҚР мынадай даналарда ресімделеді: БҚР-дың бірінші данасы БҚР-ды тіркелген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесінде қалады; БҚР-дың басқа даналары тиісті кедендік операциялардың санына қарай, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және (немесе) кедендік операциялар жасалатын мемлекеттік кірістер органына не кедендік операциялар жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаға беріледі және (немесе) жолданады. Мемлекеттік кірістер органдарында төлеушінің бас қамтамасыз етуді қабылдау туралы өтініші тіркелген күннен кейінгі он күннен кешіктірмей төлеушіге бас қамтамасыз етуді тіркеу немесе бастарту себебін көрсетіп, тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. 10. Төлеушінің өтініші бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растауға толықтыру қалыптастырылады, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау тізілімінде (бұдан әрі – БҚР Тізілімі), мынадай: кедендік операцияларды жасау мерзімін ұзартуға байланысты, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдану мерзімі ұзартылған; банк кепілдігін, мүлік кепілі шартын, кепілгерлік шартын, сақтандыру шартын қолдану мерзімі ұзартылған; кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынған заңды тұлға немесе кепілгер болып табылатын заңды тұлға қайта ұйымдастырылған; бір тауар партиясында әкелінген тауарлардың бөлігін кедендік тазарту нәтежиесі бойынша кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы азайған жағдайларда тиісті өзгертулер көрсетіледі. 11. Мемлекеттік кірістер орган бөлімшесі, БҚР тіркеген, немесе уәкілетті лауазымды тұлға тізілімінде ресімделген БҚР есебін жүргізуді жүзеге асырады. 12. Төлеуші кедендік операциялар жасаған кезде мемлекеттік кірістер органының бөлімшелері және (немесе) осы кедендік операциялар жасалатын лауазымды тұлға немесе кедендік операциялар жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органы төлеуші ұсынған БҚР-да көрсетілген ақпараттарды БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға ұсынған (жолданған) Карточкамен салыстыруды жүргізеді. 13. Төлеуші кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) кедендік операция жүзеге асырылған мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға БҚР 7-10-бағанын толтыруды жүргізеді. 14. Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жүргізілген кедендік операцияларды аяқтағаннан кейін, мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) кедендік операция жүргізілген мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, расттайтын құжаттарды ұсына отырып БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпаратты жолдайды. 15. Төлеуші кедендік операцияларды жасаған кезде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы БҚР ресімдеген мемлекеттік кірістер органына жазбаша нысанда жүгінеді. 16. БҚР көрсетілген кедендік операциялар бойынша міндеттемелер уақтылы және тиісінше орындалғаннан кейін БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бақылаудан алады. 17. БҚР-ды ресімдеген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын қайтару үшін мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі және (немесе) кедендік операциялар жүргізілген мемлекеттік кірістер органы не кедендік операцияларды жасауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға ұсынған құжаттарды, кедендік операцияларды жасау кезінде міндеттемелердің уақтылы және тиісінше орындалуына тексеруді жүзеге асырады. 18. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын кайтару Кодекске сәйкес жүргізіледі. 19. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде міндеттемелерді төлеуші орындамаған немесе тисінше орындамаған кезде, аталған кедендік операция жүргізілген немесе жүргізілуі тиіс мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшесі немесе осындай мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы міндеттеменің орындалу мерзімі келген немесе міндеттемені орындамау немесе тисінше орындамау фактісі анықталған келесі жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын құжаттарды ұсына отырып, БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға бұл туралы ақпараттарды жолдайды. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету бойынша берілген, оның ішінде белгіленген мерзімде төлеушінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тисінше орындамағаны туралы ақпараттарды алғаннан кейін БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға төлеушінің өз міндеттемелерін орындамаумен немесе тисінше орындамаумен байланысты шараларды қабылдайды. 20. Төлеушінің өтініші бойынша, егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді енгізу бойынша кедендік операция жасалмаған жағдайда, БҚР Тізілімінің ескертпесіне күшін жою туралы мәліметтерді енгізе отырып, БҚР күшiн жоюға жатады. БҚР күшін жойған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, БҚР-ды рәсімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға БҚР даналары жолданған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесін және (немесе) мемлекеттік кірістер органын БҚР күшін жоюы туралы ақпараттандырады. 21. Кедендік операция жасалмаған жағдайда, төлеуші кедендік операция жасау жоспарланған мемлекеттік кірістер органының бөлімшесіне және (немесе) мемлекеттік кірістер органына кедендік операцияның жасалмайтыны туралы өтінішпен жүгінеді. Мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органы не олардың лауазымды тұлғалары төлеушінің өтініші негізінде тиісті ақпаратты БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесіне, немесе уәкілетті лауазымды тұлға жолдайды. БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға осы тармақта көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін аталған ақпаратты БҚО ескертпесінде және БҚО Тізілімінде көрсетеді. 22. Төлеуші кедендік операциялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тисінше орындамаған жағ­дайда, БҚР ресімдеген мемлекеттік кірістер органы тиісінше мына әрекеттердің бірін немесе бірнешеуін орындайды: ақшаны уақытша орналастыру шотынан кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын бюджетке аударады; кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы банк-кепілгерге талабын жібереді; кепіл берушіге кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды; кепілгерге кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды; сақтандыру ұйымына кедендік баждардың, салықтардың төлеуге жататын сомасын төлеу туралы талабын жолдайды. 23. Алдыңғы кедендік операциялар бойынша міндеттемелер (талаптар, шарттар, шектеулер) орындалмаған немесе тисінше орындалмаған жағдайда, кедендік баждар, салықтар сомасын төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде кедендік операцияларды жасауға арналған БҚР көрсетілген міндеттемелер тиісінше орындалғанға дейін ресімделмейді. 3-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі 24. БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету бойынша төлеушінің міндеттемелерді орындауын есепке алу және бақылау мақсатында, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточканы (бұдан әрі – Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточка) жүргізеді. 25. Кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша қабылданған міндеттемелердің негізінде, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын есепке алу мақсатында Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточка әрбір төлеуші үшін дербес ашылады. 26. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің есебі қағаз тасымалдағышында және (немесе) автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі. 27. Бас қамтамасыз етудің есебіс бойынша жеке карточка әрбір күнтізбелік жылға ашылады. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы бойынша түпкілікті сальдо, алдағы қаржылық жыл үшін бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкадан келесі жылы ашылатын бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкаға аударылады. 28. Заңды тұлғалардың бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкасын ашқан кезде міндетті түрде мынадай деректемелер: заңды тұлғаның толық атауы; бизнес сәйкестендіру нөмірі; заңды мекенжайы көрсетіледі. 29. Жеке тұлғаның (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточкасында: жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса); жеке сәйкестендіру нөмірі; Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. 30. Ресімделген БҚР негізінде, БҚР-ды ресімделген мемлекеттік кірістер органның бөлімшесі, немесе уәкілетті лауазымды тұлға және (немесе) кедендік операцияларды жасауды жүзеге асырған лауазымды тұлға 1-10, 15-бағандарын толтыру арқылы Бас қамтамасыз етудің есебі бойынша жеке карточканы ресімдейді. Төлеуші кедендік операцияны жасаған кезде, кедендік операция жүзеге асырылатын мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органы БҚР-ның 11-14-бағаналарын толтырады. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына 1-қосымша Нысан Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау № ______________________ _______________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,) _______________________________________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнесті-сәйкестендіру нөмірі) Р/с № Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карт­очка­сының тіркеу нөмірі Кедендік опера­цияның түрі Кедендік баждар­дың, са­лық­тар­дың төле­нуін қам­та­масыз ету тәсілі Кедендік баждардың, салықтар­дың тө­ленуін қам­тамасыз ету сомасы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтама сыз етуді қолдану дың мерзімі Кедендік операциялар бойын ша міндет темелерді орындау мерзімі Кедендік опера ция басталған күн Міндеттемені іс жүзінде орындау мерзімі Кедендік операцияның аяқталуын белгілейтін, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрі және Т.А.Ә. Кедендік операциялар жасалатын аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органының Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 _______________________________________________________________________________________________ (бас қамтамасыз етуді растауын берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.) ________________________ (қолы және жеке нөмірлік мөрі) Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына 2-қосымша Нысан Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растауға қосымша № ______________________ _______________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты,) _______________________________________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнесті-сәйкестендіру нөмірі ) Р/с № Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карт­очка­сының тіркеу нөмірі Кедендік опера­цияның түрі Кедендік баждар­дың, са­лық­тар­дың төле­нуін қам­та­масыз ету тәсілі Кедендік баждардың, салықтар­дың тө­ленуін қам­тамасыз ету сомасы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтама сыз етуді қолдану дың мерзімі Кедендік операциялар бойын ша міндет темелерді орындау мерзімі Кедендік опера ция басталған күн Міндеттемені іс жүзінде орындау мерзімі Кедендік операцияның аяқталуын белгілейтін, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының жеке нөмірлі мөрі және Т.А.Ә. Кедендік операциялар жасалатын аумақтық мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі және (немесе) мемлекеттік кірістер органының Ескертпе 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 _______________________________________________________________________________________________ (бас қамтамасыз етуді растауын берген мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасының Т.А.Ә.) ________________________ (қолы және жеке нөмірлік мөрі) Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына 3-қосымша Нысан Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растаулар тізілімі Р/с № Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау дың тіркеу нөмірі Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кар­точ­касының тіркеу нөмірі Төлеушінің деректемелер Кедендік операция түрі Кеден дік баждар дың, салық тардың төленуін қамтамасыз етудің тәсілі Кеден дік баждар дың, салық тардың төленуін қамтамасыз ету сомасы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету кепілі (банк, кепілгер, кепіл беру­ші, сақтандыру ұйымы) Кепіл беруші тандаған Кедендік баждарды, салықтар ды төлеуді қамтама сыз ету тәсілі Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудін қолданылу мерзімі Ескертпе Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты-жөні Жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрi 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидаларына 4-қосымша Нысан Кедендік баждарды, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді есепке алу жөніндегі жеке карточка Төлеушінің атауы ______________________________________________________________________________ Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________ Қазақстан Республикасының резиденті емес төлқұжатының нөмірі мен берілген күні _______________________ № п/п Операция алдындағы сальдо Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растау ды тіркеу нөмірі Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету карточкасын тіркеу нөмірі Кедендік операцияның түрі Кедендік баждар дың, салықтар дың төленуін қамтама сыз ету тәсілі Кедендік баждар дың, салықтардың төленуін қамтама сыз етуді енгізуді растайтын құжат Кедендік операциялар бойынша кедендік баждар дың, салықтар дың төленуін қамтама сыз ету сомасы Кедендік операцияларды жасау кезеңінде жабылған қамтама сыз ету сомасы Кедендік операциялар бойынша міндеттемені орындау мерзімі Ашылған қамтамасыз ету сомасы Міндеттеменің орындалуын растайтын құжат Операция соңындағы сальдо Ескертпе Құжат нөмірі Құжаттың күні Соммасы Төлеушіге қайтару үшін Бюджетке аудару үшін 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14323 болып енгізілді.