03 Қараша, 2016

Душанбеде Қазақстан әдебиетінің бұрышы ашылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын атап өту шеңберінде Қазақстанның  Душанбе қаласындағы Елшілігінің бастамасымен Тәжікстанның ұлттық кітапханасында қазақстандық әдебиет бұрышының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің сайтына сілтеме жасап. Ашылу салтанатында Елші Нұрлан Сейтімов аталған іс-шараны өткізу екі халықтың бай әдеби мұрасының одан әрі тығыз жақындасуына, сондай-ақ Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығаюына себеп болатынын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық тарап жүйелі түрде жаңартып отыратын қазақ, тәжік, орыс пен ағылшын тілдеріндегі қазақстандық және тәжікстандық авторлардың кітаптары Ұлттық кітапхананың қорына табыс етілді. Аталмыш іс-шараға Ұлттық кітапхананың басшылығы, «Бәйтерек» қазақ мәдени орталығының төрағасы Зәуре Сәминова, БАҚ пен Тәжікістанның ЖОО студенттері қатысты.