03 Қараша, 2016

Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоганмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды egemen.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Эрдоганды Түркияның ұлттық мейрамы - Республика күнімен құттықтап, түрік халқына бейбітшілік пен өсіп-өркендей беруін тіледі. Сонымен қатар тараптар екіжақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық маңызды мәселелерді талқылады.