03 Қараша, 2016

10 мыңнан астам адам қатысқан «Шабыт»

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарашаның алғашқы күндерінде Астанада жыл сайын Халықаралық «Шабыт» фестивалі шымылдығын ашады. Биылғы «Шабыттың» ашылу салтанаты Бейбітшілік және келісім сарайында өтпек. Ал ертеңнен бастап елордадағы бірқатар мәдени нысандарда «Шабыттың» қазылар алқасы өнерпаз жастардың шығармашылығын тыңдап, көріп, талдап, өз бағаларын беруді бастайды. 3-8 қазан аралығында ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге биыл 644 адам қатысады. Еліміздің өнерлі жастарымен бірге  Қытай, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Украина, Бурятия және Қырғызстан елдерінің таланттары бақтарын сынайды. Байқауға қатысуға ниет білдіргендердің ішінде 192-сі «Бейнелеу өнері» аталымында, 154-і «Хореография» және 134-і «Халық музыкасы» аталымына қатысады. Басқа үш аталым бойынша қатысатындар саны: «Үздік әдеби шығарма» -45, «Классикалық музыка» - 77  және «Эстрадалық вокал» - 42. Биыл елордалық жастар белсенділік танытыпты.  «Шабыт» фестиваліне Астанадан 175 адам қатысады. Ал қалған өтінімдерді Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ, шет мемлекеттерден – Әзербайжан, Бурятия, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан келетін үміткерлер ұсынған. Айта кетейік, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалі биыл 19-шы рет өткізіліп отыр.Осы күнге дейін фестивальге өнердің түрлі жанрлары бойынша 10 мыңнан астам адам қатысқан. Айгүл СЕЙІЛОВА