03 Қараша, 2016

Илья Ильин кеңесші болып тағайындалды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161103170703 Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Осыған орай, бүгін танымал спортшыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының өзі қабылдап, Президенттің сәлемін жеткізді, деп xабарлайды egemen.kz мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы допингке қарсы xалықаралық ұйымның мәлімдемесі бойынша қатты алаңдап, ел спортшыларын назардан тыс қалдырмай, қолдау жасауды тапсырды. Біздің ұстанымымыз - Халықаралық Олимпиада комитеті қандай қорытынды шығарса да, әрбір спортшы өзінің қабілет-қарымын барынша пайдаланып, өмірлік тәжірибесін кейінгі ізбасарларына қалдыруы қажет», - деді министр. Өз кезегінде Илья Ильин жаңа қызметте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға тырысатынын жеткізді. «Мемлекет басшысына мың алғыс айтамыз. Шыны керек, барлық спортшылар үшін допинг үлкен соққы болды. Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің осындай қамқорлық жасап жатқаны қуантады. Мүмкіндік болса, Нұрсұлтан Әбішұлына менің атымнан алғыс айтыңызшы. Мені сұраса, бәрі дұрыс, аман-есенмін деңіз», - деп атап өтті И.Ильин. Министрдің айтуынша, допинг дауына іліккен бірде-бір спортшы қолдаусыз қалмайды.