04 Қараша, 2016

"Барысқа" play-off кезеңіне шығу үшін 5 ұпай керек

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Еуразиядағы Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсетуде. Қазіргі уақытта команда «Шығыс» конференциясының 10-орнында тұр және плей-офф ойын кезеңіне шығуға белсенділік танытуда. Турнирді жалғастыру үшін командаға 5 ұпай жетіспейді. Құрлықтық лиганың 2016/2017 маусымында 27 қаладан келген 29 команда додаға түсуде. Олардың ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Латвия, Словакия, Хорватия, Финляндия хоккей клубтары бар. Лиганың бас жүлдесі -  Гагарин кубогы. «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде «Барыс» хоккей клубының өз айдынында өткізетін ойындар көрсетілімдерін өткізеді. 7 қараша         Барыс - Медвешчак (Хорватия)     сағ. 19:20 10 қараша       Барыс - Слован (Словакия)            сағ. 19:20 13 қараша       Барыс – Автомобилист (Россия)    сағ. 16:50