04 Қараша, 2016

Ақмола облысының жүргізушілері онлайн бақыланады

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының жолдарында жылжымалы онлайын тіректер пайда болды. Бұл туралы Ақмола облыстық өңірлік көліктік бақылау басқармасының жетекшісі Ерболат Ерімбетовтың брифингінде мәлім болды. Көліктер ішкі және сыртқы бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықталған. «Аталған шаралардың барлығы тауар тасымалдаушылардың, көлік иелері мен жүргізушілердің тиісті заңдарды қадағалау мақсатында енгізілген. Бұған қызығушылық танытқан әрбір азамат тіректердің жұмысын онлайн режимінде бақылай алады»,-деп хабарландырды Ерболат Ерімбетов. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесі инспекция қызметінің барысында туындайтын даулы мәселелерді шешуге ықпал етеді. Жаңа жүйе сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттырып, тәртіп сақшыларымен қатар көлік иелерін және жүргізушілерді де тәртіпке шақырады. Спикердің сөзінше, инспекция заңбұзушылықтарды анықтау, оның жолын кесу мен алдын алу жұмыстарын жүзеге асыруда. Биылғы жылы 3500-ден астам көлік тексеріліп, 400-ден астам әкімшілік істер қозғалған. 32 кәсіпорын тексеріліп, 25 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынған. Сондай-ақ 2016 жылдың 15-қазанынан бастап, Қазақстанның барлық аймағында «Көліктік бақылау - отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды» атты жыл сайынғы акция жарияланды. Акцияның мақсаты - көлік саласындағы заңсыз әрекеттердің алдын алу.