04 Қараша, 2016

ҚР АШМ "Жобалық олимп" байқауында жүлделі болды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3-oryn Бүгін Мәскеуде мемлекеттік сектордағы жобалық қызметті кәсіби басқару жөніндегі «Жобалық Олимп» байқауының негізгі номинацияларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті, деп хабарлайды egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұйымның жобалық қызметін жүйелік басқару» номинациясы бойынша 3 орынды иеленді. Сонымен қатар, ҚР АШМ «Жобалық қызметті стратегиялық басқарудағы тиімді шешім үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды. Байқау мақсаты: өз қызметінде жобалық басқарудың тиімді құралдардын белсенді енгізетін барлық деңгейдегі мемлекеттік сектордың мекемелеріне қолдау көрсету; мемлекеттік сектордың жобалық басқару тәжірибесін табу, көрсету, көпшілікке тарату; жобалық және бағдарламалық-мақсатты басқару мүмкіндіктерін пайдалану арқылы мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік сектор мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау. Байқаудың қазылар алқасы РФ Президенті Әкімшілігі, Үкімет Аппараты, министрліктер мен ведомствалар және сарапшы қауымдастық өкілдерінен құралған. Байқау барысында нақты бір жоба немесе бағдарлама емес, ұйымдағы жобаларды тиімді басқару жүйесі бағаланады. «Жобалық Олимп» байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді.