05 Қараша, 2016

Еуропаға 2016 жылы 335 мың босқын келген

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
051116-migrant Биыл Жерорта теңізімен Еуропаға жеткен мигранттар саны 335 мыңнан асты, деп хабарлайды zn.ua. Тағы 4 мыңнан астам босқын жолда қаза тапқан. Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымы мәлімдеді. Олардың басым бөлігін Грекия мен Италия қабылдады. Атап айтар болсақ, Грекияға 169,901 мың, Апеннин түбегіне 159,496 мың адам келген. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда апатты аймақтардан бас сауғалаған адамдардың саны әлдеқайда азайды. Мәселен, өткен жылы Еуропаға 728,926 мың мигрант келген. Ал Еуропаға апаратын ең қауіпті жол Ливия мен Италия арасы болып отыр. Өйткені бұл бағыт 4 мыңға жуық адамның өмірін жалмаған.