Аймақтар • Бүгін, 12:14

Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдің әлеуметтік саласының дамуы мен жобаларын айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев

Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің ақпаратынша, аймақтағы экономикалық өсу мен әлеуметтік қолдау шараларының арқасында халықтың табысы бұрынғы деңгейде сақталып, жұмыссыздықтың өсуіне тосқауыл қойылған. 

«Жыл басынан бері 57 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. 34 мың адам тұрақты жұмыс тапты. Сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асырып, 400 АЕК грант алған 259 адам өз ісін ашты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 480 мыңнан астам отбасы тіркелген цифрлық отбасы картасы жұмыс істей бастады. Бұл жүйе әлеуметтік көмекті қолжетімді етті. Жыл басынан бері 80 мыңға жуық адам жалпы сомасы бес миллиард теңгеден астам қолдау алды», деді Марат Сұлтанғазиев.