05 Қараша, 2016

Балалар арасында теннистен республикалық чемпионат өтті

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2dbcc28718a186da0f6f6b0de524b409 Астанада алғаш рет теннистен «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық турнирі ұйымдастырылды. Жарыс спортшылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше санат бойынша өтті, деп хабарлайды Baq.kz.
 Жарыстың бас судьясы Юлия Игнатченко аталмыш турнирдің басқа жарыстардан негізгі ерекшелігін атап өтті.
«Елордада алғаш рет «Теннис 10 жасқа дейін» республикалық жарысы ұйымдастырылды. Жарыс 3 санат: «Қызыл доп», «Сарғылт доп» және «Жасыл доп» бойынша өткізілді. Бұл жарыста спортшылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Сонысымен ерекше. Бүгін жарыстың жеңімпаздары белгілі болып отыр», - деді ол. Республикалық теннис турниріне еліміздің барлық өңірінің жас спортшылары қатысты. Алайда үздік үштікке тек Астана мен Шымкент қалаларының теннисшілері енді.
Аталмыш турнир елімізде теннис спортын дамыту, жас спортшыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 409f005782dc922dc6de8a8fee3ec6ba
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20