Фото: ile-tany.kz
Шілде айында Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталған.
Нәтижесінде, аудиторлар шекті бағаларды тіркеу кезіндегі мәлімет пен ҚР аумағына әкелу кезіндегі ілеспе құжаттардағы нақты бағалар арасындағы дәрілік заттар құнындағы алшақтық фактілерін анықтаған. Осыған байланысты ведомствоға мұндай жағдайларды автоматты түрде тіркеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.
«Бүгінгі таңда Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы «Референттік баға белгілеу» және «Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» ақпараттық жүйелерін оңтайландырды. Бұл дәрі-дәрмекке шекті баға белгілеуге бақылауды едәуір күшейтеді және жеңілдетеді», делінген хабарламада.