06 Қараша, 2016

Ыстамбұлда қазақстандық суретшінің көрмесі ашылды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-11-16-korme

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ыстамбұл қаласындағы «Топкапы» түркі дүниесінің этно-мәдени орталығында қазақстандық қылқалам шебері Гүлмарал Тәтібаеваның сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды 24.kz. Көрмеге суретшінің ең таңдаулы 20 туындысы қойылған. Картина көшпенді халықтың тұрмыс-тіршілігі мен қазіргі заманауи Қазақстанның өсіп-өркендеуінен сыр шертеді.  Көрмені тамашалаған жұртшылық қазақстандық суретшінің табиғат сұлулығы мен Астанадағы көкпен таласқан зәулім ғимараттардың кескіндемесін шебер бейнелегенін айтты. Қылқалам шебері Гүлмарал Тәтібаева: «Бұл көрме әлемнің ең үлкен мәдени орталығы Ыстамбұл қаласында өтіп жатыр. Осыған қуаныштымын. Осы жердің туристері көрмеге келіп, тамашалап, Астананың пейзаждарын көріп, біздің елімізге Экспо-2017 көрмесі үшін келеді деп ойлаймын», – дейді. Айта кетейік, бұл шара алдағы уақытта Анкарада жалғасын табады.