07 Қараша, 2016

Оңтүстік Корея көліктің айналарын алып тастамақшы

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Корея келесі жылы көліктің айналарын видеокамераға ауыстыру үшін жол қозғалысы ережелерін қайта қарайтын болды, - деп хабарлайды РИА Новости оңтүстік кореялық жер, инфрақұрылым және көлік министрлігіне сілтеме жасап. Сыртқы айналарын көліктің сыртқы корпусынан алып тастап, желдің өтін бәсеңдету арқылы бензин шығынын 10 пайызға азайту қарастырылып отыр екен. Оңтүстік Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің өкілдері айналарды камералар жүйесі мен мониторға (CMS) ауыстырудан жол апаттарын азайтуға ниетті. Осы министрлік өкілі "Егер көліктің айналарын камера мен мониторға ауыстыратын болсақ, бұл елдегі жаңа технологияларды өндірушілердің жұмысын қарқындатып, көліктің дизайны мен мүмкіндіктерін жақсарта түсеміз", депті.