07 Қараша, 2016

Сарыөзек ауылында 900 орындық мектеп ашылды

1357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161107164937 Алматы облысында 900 орындық мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа нысан Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында бой көтерді. Оқушыларға арналған білім ордасы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып отыр. 20161107164932 Ғимарат құрылысы мен жабдықтарына ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен 1,5 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. 12 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде осы уақытқа дейін 3 мектеп жұмыс істеді. Жаңадан ашылған  білім шаңырағына  қазірдің өзінде 30 сынып жинақталып, 750 оқушы қабылданды. Ал оларды 60 мұғалім білім нәрімен сусындатпақ. 20161107164926 Мектеп ғимаратының сыртында 2752 шаршы метрді құрайтын жаңа үлгідегі жасанды газонмен төселген футбол және волейбол мен баскетбол ойындарына арналған алаңдар салынды. Сондай ақ, Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп алаңына 25 ақ терек отырғызылды. 20161107164913