07 Қараша, 2016

Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-министрі арасындағы келіссөздердің  нәтижесінде бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды. Шара аясында Нұрсұлтан Назарбаев пен Синдзо Абэ Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Бірлескен Мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі мен Жапонияның Жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігінің арасындағы меморандум рәсімделді. Қос тарап «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Жапонияның бағалы қағаздар диллерлер ассоциациясы арасындағы Өзара түсіністік Меморанумы туралы құжаттармен алмасты. Жапонияның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу шарты туралы құжатты бекітті. Бұдан бөлек, 2016 жылғы 7 қарашада Астана қаласында дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап визалық талаптардан босату туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Жапонияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі арасында ноталармен алмасу рәсімі өтті. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.