07 Қараша, 2016

Асқар Мамин Қостанайда болды

296 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
20161107190707 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар жүйе құраушы кәсіпорындарын, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралады, сондай-ақ жергілікті активпен кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz. Қостанай қаласының халықаралық әуежайында А. Маминге аэровокзалдың жасанды ұшу-қону жолағын жөндеу жобасы туралы баяндалды. Содан кейін ол «Әуежай» жаңа шағын ауданындағы тұрғын үйлер құрылысының барысымен танысты. Ағымдағы жылы облыста 178 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. А. Маминнің «СарыАрқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндіріс алаңдарын аралауы барысында «AllurGroup» Автомобиль компанияларының тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев кәсіпорынның өндірістік желілерін жаңғырту жоспары туралы баяндады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша автомобиль өндірісі көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 40% артқан. Қазіргі уақытта  қытайлық серіктестермен бірге шығарылатын JAC үш моделін ірі торапты құрастыру іске қосылды. Перспективалы жоспарларда - «УзАвто» жеңіл, жүк автомобильдерін ірі торапты құрастыруды ұйымдастыру. «СарыАрқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндірушілері таяу арада өзбек серіктестерімен бірлескен жұмысты бастайды. «АгромашХолдинг» өндірісінде комбайндар өндірісін 320 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған, бұл 2015 жылға қарағанда  39% артық. «ҚазБелМаш» бірлескен кәсіпорны аясында («АгромашХолдинг» АҚ және «Гомсельмаш» ААҚ) 2017 жылы комбайн құрастыруды 510 бірлікке дейін жеткізу жоспарланған. Машина жасау саласындағы өндіріс көлемін арттыру және оқшаулау деңгейін 50% дейін жеткізу үшін ағымдағы жылы Индустриялық аймақ құрылысы басталды, онда автобөлшектер шығаратын зауыттар орналасады. Сапар барысында А.Мамин еліміздің Индустрияландыру картасын жүзеге асыру аясында іске қосылған ұсақ сұрыпты илемдік орнақ өндіретін «ЕвразКаспианБолат» зауытының жұмысымен танысты.  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары облыс әкімдігінде кеңес өткізді. Шара барысында жүйе құрушы кәсіпорындардың даму келешегі мен ағымдағы мәселелері талқыланды. Кеңеске облыс әкімі А. Мұхамбетов, «Аллюр Групп» автокөлік компаниялары тобының директорлар кеңесінің төрағасы А. Лаврентьев, «ССГПО» АҚ президенті Б. Мұхаметқалиев, ҚР мемлекеттік органдарының басшылары қатысып, сөз сөйледі. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысушыларға өңірдің 10 айдағы даму қорытындысы туралы ақпарат берді. Экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштеріне сүйене отырып, А. Мұхамбетов алғаш рет ағымдағы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемінің индексі 100%, негізгі капиталға инвестициялар - 101,4%, бөлшек сауда - 100,9% құрағанын айтты. Өңір басшысы Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы, өңдеу өнеркәсібі, автокөлік құрастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жұмыстары туралы есеп берді. Қостанай облысындағы жұмыс сапарының қорытындысын шығара отырып, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Мемлекет басшысының жоспарланған барлық макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу, жүйе құрушы сектор өсімімен қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын орындаудың маңыздылығын атап өтті. «Қостанай облысы ширақ дамуда. Бұрында тұтастай аграрлы болған өңір соңғы жылдары аграрлы-индустриялық аймаққа айналуда. Облыстың экспорттық әлеуеті зор. Осыған орай, экономика құрылымдарын әртараптандырып, аймақтың экспорттық әлеуетін дамытудың белсенді жұмыстарын жалғастыру қажет», - деп сөзін түйіндеді А.Мамин.