10 Наурыз, 2011

Өнер байқауы басталды

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аудан бойынша жыл сайын өткізіліп келе жатқан дәстүрлі өнер байқауы биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығына ар­на­лып отыр. «Тәуелсіздік – ер мұр­аты, ел ар­маны» деген тақырыппен басталып кеткен бұл байқаудың басты мақсаты тәуел­сіздік жылдарындағы жетістіктерді насихаттай отырып, көркемө­нер­паз­дар шығар­ма­шылығын дамыту болып табылады. Байқау барысында әр ауыл, әр мекеме 20 номинация бойынша сайысқа түсуде. Байқау өтетін күні сол ауылдың күшімен ауыл шаруашылығы жәрмең­кесі өткі­зілу­де. Дәстүрлі байқауға оннан астам ұжым қатысуда. Қасқабұлақ, Құндызды, Архат және Қарауыл ауыл­дары өнер сайысында да, жәрмеңке өт­кіз­у жөнінен де жұрт­шылық көңіл­інен шығып үлгерді. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.