08 Қараша, 2016

"Егемен" суретшісі халықаралық байқауда жеңімпаз болды (сурет)

745 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
010Кеше ғана сәулетшілер мен суретшілердің Отаны саналатын Италиядан «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына сүйінші хабар келді. Ақжолтай ақпарат «Егеменнің» суретшісі Айдарбек Ғазизұлының ЮНЕСКО, Бейбітшілік пен еркіндікті қолдаудың халықаралық әйелдер лигасы, ЮНИСЕФ-тің ұлттық үйлестіру бюросының жергілікті ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылған «Бейбітшілікті қолдау – толеранттылықты қолдау» атты халықаралық байқауда бірінші орынды жеңіп алғандығын жеткізді. Италияның Спилимберго қала­сында өткізілген халықаралық байқау 6 аталым, яғни «Балабақша мен бастауыш мектеп», «Орта мектеп», «Екінші орта мектеп», «Мультфильм», «Суретші», «Са­ти­ралық және юморлық суреттер үшін арнайы сыйлық» аталымдары бойынша ұйымдастырылған. Ай­дарбек Ғазизұлы «Суретші» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бес аталымға студенттер мен жастардың жұмыстары қабыл­данса, ал «Суретші» аталымында әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіби суретшілер бағын сынапты. Қазылар алқасының сапында танымал суретші Нане Завагно, сурет сыншысы Ангело Бертани сынды қылқаламның құдіретін терең түсінетін тұлғалар бар. Сурет шіркінді бағалау үшін тіл білудің қажеті шамалы ғой. Италиялықтардың қазақ су­ретшісінің кәсіби шебер­лігін жоғары бағалауы да сон­дық­тан болар. «Егемендік» сурет­шінің қолтаңбасы осылай­ша Микеланджело сынды ұлы тұл­­ғаны дүниеге әкелген елдің мар­ғасқалары тарапынан жоғары бағалануымен қатар, қазақ сурет өнерінің де өрісі асқақ екен­дігін күллі дүниеге әйгіледі. Бейбіт­шілікті қазақ халқы қай деңгейде түсінетіндігін, бағалайтындығын жеткізді. Алаштың абыройын Италияда аспандатқан әріпте­сіміз­ге алдағы уақытта да шығар­ма­шылық табыс тілейміз. Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» kogershin-1-kopiya aidarbek-tolerance-4