10 Наурыз, 2011

Отунбаеваға АҚШ сыйлығы тапсырылды

335 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон 8 наурыз күні Вашингтонда 10 елдің өкіліне, арасында Қырғызстанның өтпелі кезеңдегі президенті Роза Отунбаева да бар, «Әйел ерлігі үшін» сыйлығын тапсырды. Салтанатты рәсімге қонақ ретінде АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама қатысты.  Өз елі авторитаризмнен арылуға тал­пыныс жасаған кезде  басты тұлға ретінде аренаға шыға отырып, Отунбаева Орталық Азия­да­ғы  және негізінен мұсылмандар тұра­тын елде тұңғыш әйел-үкімет бас­шы­сы болды, деп атап көрсе­тіл­ген АҚШ мемлекеттік департаменті таратқан хабарда. Толқулар толастар емес Йеменнің астанасы Санада полицейлердің ереуілшілерге қарсы оқ атуынан кемінде 50 адам жарақат алды, деп хабарлады катарлық «Әл Жазира» телеарнасы. Үлкендігі жағынан төртінші саналатын Ходейда қаласында да қарсылық акциялары өтіп, ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Ал полицейлер болса, санкцияланбаған ереуілді тоқтату үшін қолшоқпар қолдануға мәжбүр болған. Батыстың бірқатар елдері өз азаматтарын толқулар басталған елден кетуге шақыруда. Айта кету керек, ел президенті Али Абдалла Салехтің шұғыл түрде отставкаға кетуін талап еткен Йемендегі толқулар ақпан айында басталған болатын. Жағалау толы өлі балық АҚШ-тың атышулы Лос-Анджелес қаласы экологиялық апат алдында тұр. Жағалаудағы айлақтардың бірінде миллиондаған өлі балықтар қалқып тұрған көрінеді. Төңіректегі сасыған балық иісінен дем алу мүмкін емес. Өлген балықтарға жемтік ретінде шағалалар, бірқазан­дар, тіпті итбалықтарға дейін жан-жақтан жиналуда. Шағын айлақ­тағы тонналаған балықтарды Калифорнияның ыстық күні тез-ақ шірітуде. Ал оның суды зақымдап, түрлі жұқпалы аурулар таратуы мүм­кін деген болжам айтуда жергілікті мамандар.  Суды өлген балық­тардан тазарту ісімен өрт сөндірушілер мен полицейлер айналысуда.   Мұнай өндіру көлемін ұлғайтпақ Бағаның өсуін тоқтату үшін ОПЕК-ке мүше елдер мұнай өндірісі қарқынын арттыра түспек, деп хабарлайды Financial Times газеті. Атап айтқанда, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Нигерия сәуір айының басына таман өндірісті күніне шамамен 250000-350000 баррельге дейін ұлғайтпақ.  Сауд Арабиясының мұнай өндірісін күні­не 700000 баррельге дейін ұлғайтатынын қоса алғанда, өндірістің бұл көлемі Ливия экспортының құлдырауына байланысты орын алған ол­қы­лықтың орнын толтыруға тиіс деп есептейді, жоғарыда аталған басыл­ым. Сонымен бірге, Триполиге қарсы халықаралық санкция­лар­дың енгізілуіне орай ірі мұнай компаниялары Ливия мұнайын сатып алудан мүлде бас тартып отыр.   Жол салудан туған жанжал Мәскеу-Санкт-Петербург жүрдек  автомагистралы құрылы­сы жаңа жанжалға себепкер болып отыр. Сөйтсе, трассаның Мәскеу түбіндегі Клин ауданында орналасқан кез келген құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған «Завидово» ұлттық паркі арқылы өтетіні белгілі болған. Бұл паркте сондай-ақ Ресей Президентінің резиденциясы да орналасқан екен. Мәлім  болғанындай, 2005 жылы жолды жобалаған кезде трасса «Завидово» паркінің жанынан ғана өтетін болған. Бірақ 2007 жылы Ресей Президенті болып тұрған кезінде В.Путин ұлттық парктің алаңын ұлғайтқан, сөйтіп трасса өтуге тиіс жер парк аумағына еніп кеткен. Интернет материалдары негізінде әзірленді.