Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапары аясында «Токай» университетіне барды. Елбасыға аталған жоғары оқу орнының Инженерлік ғылымдардың Құрметті докторы атағын тапсыру, сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевты Естелік Төсбелгімен марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шарада сөз алған ректор Ямада Киеси: «Қазақстан Президентінің университетіміздің білім беру қызметін жете зерделеп, үлкен үлес қосқаны үшін Ұлы Мәртебелі Нұрсұлатн Назарбаевқа «Токай» университетінің Инженерлік ғылымдардың Құрметті атағын тапсырамыз», деді. Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назрбаевтың университетке келуі және Қазақстан Президентіне бұл атақтың берілуі «Токай» университеті үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе екенін жеткізді.
«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті болған күннен бастап, өз мемлекетінің жаңғыруына үлкен үлес қосты. Қазақстан Президенті білім және ғылым саласына қайта жаңғырту және жетілдіру бойынша көптеген маңызды бастамалар көтерді, саяси қадамдар жасады», - деді Ямада Киеси.
Бұл жоғары оқу орнының Қазақстанмен де әріптестігі жақсы жолға қойылған. Мәселен, универсиетет еліміздің білім мекемелерімен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтар болсақ, Назарбаев Университетімен, Назарбаев инттелектуалдық мектептерімен, дарынды балаларға арналған «Дарын» Республикалық орталығымен академиялық ықпалдастық тетігі бекіген. Жапон тәжірибесін жете зерделеу мақсатында аталған мекемелердің басшылары "Токай" университетінің білім беру мекемелерінде, зертету және технологиялық орталықтарында сан мәрте болған, бұл сапарлар нәтижесінде университетке жоғары баға берген. «Сакура» ғылыми алмасулар бағдарламасы аясында Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі 2016 жылдың 23 мамыр-3 маусым аралығында Назарбаев Университетінің 11 студенттен тұратын тобы жетекші ғалымдардың лекцияларын тыңдады, зертханалардың қызметімен танысты, «Токай» универсиетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттерімен кездесулер өткізген.
Қазіргі таңда Жапонияда «Болашақ» бағдарламасымен оқитын 8 студенттің 5-і «Токай» жоғары оқу орнында білім алады. Мұның өзі бұл университеттің оқу бағдарламасының шетелдік студенттер тарапынан жоғары бағаналатынын білдіреді. 2010 жылдан бастап бұл университетте 16 қазақстандық студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша негізінен, техникалық және инженерлік мамандықтар бойынша білімін жетілдірген.
Ләйла Еділқызы.