Облыстағы сауда орындарындағы азық-түлік бағаларының көтерілуіне жол бермеуде кешенді шаралар қабылдануына қарамастан, өнімнің кейбір түрлерінің қымбаттауы орын алып отырғаны жасырын емес. Қанша жерден қадағаласаң да қалтаны қампитуды ғана ойлайтын кейбір кәсіпорындар, ірі базарлар мен сауда орындары көзді ала беріп, азық-түлік бағаларын қымбаттата қоюдан тыйылмай келеді.
Осы және басқа мәселелер облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың төрағалық етуімен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаның өсуіне жол бермеуге бағытталған мәжілісте өткір әңгіме өзегіне айналды.
Құқық қорғау және қадағалау-бақылаушы органдар жетекшілері, Ақтөбе қаласының әкімі мен бірқатар ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың, қаладағы ірі сауда мекемелері мен базарлардың басшылары қатысқан жиында мұндай жәйттерге жол бергендерден қатаң сұралды.
Біздің облыстағы инфляция республикалық орта көрсеткіштен төмен екендігіне қарамастан, арқаны кеңге салуға болмайды, дей келіп, өңір басшысы мұндай мазмұндағы жиналыстың осы жылы үшінші мәрте өткізіліп отырғанын тілге тиек етті.
Әуелі жергілікті азық-түлік рыногын молшылықта ұстау және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік өнімдеріне баға өсуін ұстап тұру бойынша қабылданған шаралар туралы қала әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Ақтөбе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқармасының төрағасы Серғазы Есембаевтың хабарлары тыңдалды. Қабылданған шаралар нәтижесінде он екі атаулар бойынша, оның ішінде күріш, қарақұмық, қырыққабат, картоп және басқа азық-түлік түрлеріне баға елеулі түрде төмендегені атап өтілді.
Бәскелестікті қорғау агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының бастығы Азамат Қамшымбаев өздері жүргізген сараптама бойынша, азық-түлік рыногымен қатар тұтыным рыногындағы бағаны тұрақтандыруға арналған бірқатар аудандық штабтардың жұмыстарын сынға алды. Мәселен, Ырғыз, Темір және Мәртөк аудандарында азық-түлік бағасы жоғары болса, ең қолайлы баға Шалқар ауданында қалыптасқан.
Облыс әкімі аудан басшыларына жуық арада баға саясатын реттеу туралы тапсырма берді. Алдағы уақытта қабылданған шаралар туралы бірінші басшылардың есептері тыңдалатын болды.
Облыс әкімі «Савола Фудс СиАйЭс» ЖШС жетекшісі Бақытжан Тұрметовке жергілікті жерде өндірілетін өнімнің бағасы неліктен қымбат деген сауалды төтесінен қойды. Аталмыш кәсіпорын өндіретін «Лето» майының бір литрі 308 теңге тұрады, ал Шығыс Қазақстан облысынан әкелінген осындай өнім 301 теңгеден сатылуда.
Жергілікті рыноктағы қолжетімді баға бойынша етпен қамтамасыз ету жолдарын талқылау барысында облыс әкімі «өндіруші – өнімді өткізуші» тізбегінде делдал-сатып алушыларды болдырмау қажеттігіне назар аударды, осыған байланысты қажетті шаралар алу жөнінде тиісті органдарға нұсқау берді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25