10 Наурыз, 2011

Өскеменде сүт арзандады

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа жылдан бастап азық-тү­лік, сүт өнімдерінің бағасы аспандап кеткені белгілі. Қазір қалалық әкім­дік­тің басшылары баға сая­са­тын дұрыс­тау бағытында жұмыс­тар жүр­гізе бастады. Атап айт­қан­да, күн­бағыс майын ретсіз қым­бат­татып жіберген бірнеше кәсіпорын басшы­ла­рына айыппұл салынды. Базар­лар­дағы бағалар да ретке келіп жатыр. Жақында инфляцияны құрық­тау жөніндегі қалалық штабтың отырысы өтіп, сүт өндіруші екі ірі кәсіпорын – «Шығыс сүт» және «Эмиль» компаниялары басшы­лары­мен келіссөз жүргізілді. Нәти­жесінде, сүт бағасы сәл де болса арзандап, 4 теңгеге түсті, яғни, бір литрі 126 теңгеден сатыла бастады. Тауарға қосылатын үстеме ақы 13 пайыздан 9 пайызға төмендеді. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.