10 Наурыз, 2011

128 ана марапатталды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарса­ңында Өскемен қаласының 128 тұрғынына «Алтын алқа», «Күміс алқа» медалдары тапсы­рыл­ды. Алты және жеті бала тәрбиелеп өсірген асыл жан­дарға қала әкімінің орынбасары С.Жилякова, аппарат басшысы Қайрат Оразбаев және қалалық мәслихаттың хатшысы В.Головотюк құрметті атақты тапсы­рып, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. «Алтын алқаны» алғандар арасында Фариза Әбіл­ме­жі­но­ва, Қатира Ажиканова, Сапура Әміренова, тағы басқалар бар. Өз кезегінде аналар қала әкімі И.Әбішевке алғыстарын айтып, алдағы уақытта табыстарға жете берулеріне тілек білдірді. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.