Шу локомотив жөндеу зауыты – елімізге және жақын шет елдерге сервистік қызметімен кеңінен танымал кәсіпорын. Енді, міне, осы кәсіпорын жақында тағы бір жаңа жобаның тұсауын кесті. Орыс елінің Краснояр қаласындағы комбайн зауытымен келісім-шартқа отырған локомотившілер енді «Енисей-1200» комбайндарын қазақ елінде құрастыруға қол жеткізді.
Ресейлік «Трактор зауыты концерні» ЖШС директоры Андрей Вольф «Шу локомотив жөндеу зауыты» кәсіпорынының басшысы Диас Сүлейменовтің қуатты комбайндарды қазақ елінде де құрастыру жөніндегі ұсынысын құлшына қолдаған. Көп ұзамай Шу локомотив жөндеу зауытымен танысып, кәсіпорынның комбайн құрастыруға толық мүмкіндігі бар екеніне көзі жеткен.
«Енисей-1200» маркалы комбайны заман талабына сай қуатты техника болып табылады. Ол қуаттылығына қарамастан басқаруға жеңіл және доңғалақтарды ұстап тұратын күшейтілген белтемірі кез келген ауырлыққа шыдас береді. Астық жинайтын бункері де кең. Сондай-ақ, техника астық жинау, сұрыптау, қорапқа құю, сабандарды текшелеп шөмелелеу сияқты жұмыстардың бәрін атқарады. Шу зауытында құрастырылатын бір комбайнның құны шамамен 12 миллион теңгені құрамақ.
Ресейлік мамандар комбайнның сапасына кепілдік беріп отыр. Шу локомотив жөндеу зауытының дайын инфрақұрылымы, қуатты ауыр мәшинелер жасауға қажетті құрал-жабдықтарының болуы бұған деген сенімді ұлғайта түседі. Оның үстіне, комбайнға қажетті қосалқы бөлшектердің 30%-ы Шу локомотив жөндеу зауытының өзінде жасалмақ. Шу қаласы темір жолдар тоғысатын тораптың бірі болғандықтан комбайнның негізгі бөлшектерін тасымалдау да оңай және арзанға түседі.
Шу локомотив жөндеу зауыты басшыларының есептеуінше, комбайн құрастыру жөніндегі жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған уақытта бюджетке бір жылдағы салық түсімі 180 миллион теңгеге жетпек. Жаңа жоба мақсаты да осы, сапалы комбайндарды көптеп өткеру арқылы кәсіпорын табысын ұлғайту, облыс және аудан экономикасын жақсартуға үлес қосу және қаладағы талапты жастарды жаңа жұмысқа тарту. Бүгінге дейін кәсіпорынның 10 маманы Краснояр қаласындағы комбайн зауытында болып, мәшине құрастыру жөнінен біліктіліктерін жетілдіріп қайтты.
Ресей комбайн жасаушылары Еуропа елдерінде де көптеген техника құрастыру цехтарын ашқан. Ал «Енисей-1200» атты қуатты комбайндарды бүгінде Болгария, Қытай, Вьетнам, Ирак, Мексика сияқты елдердің егіс алқаптарынан көруге болады.
Краснояр комбайн зауыты мамандарының бұдан басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруға мүмкіндіктері бар. Сұраныс болса, коммуналдық және өзге де ірі кәсіпорындарға қажетті үлкен доңғалақты және шынжыр табанды тракторларды жасайды. Бұл кәсіпорын, сонымен бірге, әлемдік деңгейдегі заманауи талаптарға жауап беретін әскери ауыр техникаларды жасауымен де белгілі.
Биыл Шу локомотив зауытында «Енисей-1200» комбайнының 150 данасын құрастыру жоспарлануда. Оның алғашқы «қарлығашы» сәуірдің алғашқы аптасында дайын болмақ.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы, Шу ауданы.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25