Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері Петропавл қалалық сотының судьясы Г. Жолдасованы жұмыс кабинетінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірген болатын. Ол заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып келген Н. Гноевыхтың қылмыстық әрекеттерін бүркемелеу үшін 5000 АҚШ долларын талап еткен. Бір қызығы, сот процесін басқа судьяның жүргізгеніне қарамастан, бүгінде қызметінен босатылып, Қылмыстық кодекстің 177-ші бабымен айыпталып отырған күдіктінің іс-әрекетін сыбайлас жемқорлықпен байланыстырушылар да жоқ емес. Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, кейбіреулер оны «делдал» ретінде пайдаланғанға ұқсайды. Қалай десек те, оның бұл әрекеті судья деген атқа кір келтіргені анық. Н.Гноевых жалған құжаттар жасау арқылы неше түрлі қитұрқылықтарға барған. Заңсыз несие алған, аты бар да заты жоқ кәсіпорын құрған. Петропавл қалалық соты оны айыпты деп тауып, бір жылға бас бостандығынан айырды. Г.Жолдасованың ашкөздігін әшкерелеуге кәсіпкердің қаржы полициясына жазған шағымы негіз болған.
Облыстық прокуратураның жеке кәсіпкердің жазасын жеңілдету жөнінде наразылық келтіруін қылмыстарды ізгілендіру шараларымен де түсіндіруге болар еді. Алайда, облыстық соттың баспасөз қызметі іле-шала ресми мәлімдеме жасап, прокуратура таратқан ақпаратты жоққа шығарды. Мәлімдемеде кәсіпкер жасаған қылмыстың қоғамға қауіптілігі, бюджетке келтірген 14.665.131 теңге ауқымды шығынды өтемегені ескеріліп, лайықты жаза қолданылғаны, Г.Жолдасоваға қатысты қылмыстық іспен байланыстырудың негізсіздігі айтылған. Біз осы мәселеге байланысты прокуратураның баспасөз қызметімен хабарласқан едік. Ондағылар сайтта жарияланған ақпаратта жұртшылыққа мәлім фактілердің келтірілгенін, Гноевыхтың орта дәрежеде қылмыс жасауына байланысты шартты жаза сұралғанын, оған прокуратураның құқылы екенін, оның сотталуының бұрынғы судьяның қылмысына байланысы жөнінде еш әңгіме қозғалмағанын жеткізді.
Апелляциялық сот прокуратураның наразылығын қанағаттандырмай тастады. Прокуратура наразылықты қадағалау тәртібімен жүзеге асыру үшін Бас прокурорға ұсыным жолдады.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 20:50
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Бүгін, 20:25
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
Білім • Бүгін, 19:52
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Бүгін, 19:35
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
Ата заң • Бүгін, 19:05
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:45
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 18:30
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Бүгін, 18:07
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25