11 Қараша, 2016

Күн сәулесімен жүретін қоларбалар

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кентау – құстың ұясындай әдемі қала. Осы әдемі қалада әдемі тірліктер қолға алынып жатыр. Жасыл желегі үстінен ажырамайтын ажарлы қалада қоларбасымен көшені емін-еркін аралап бара жатқан мүмкіндігі шектеулі азаматты көрдік. Кер құнанға мінгендей сырғытып барады. Әдетте, мұндай адамдар дөңгелек тартпасын екі қолымен қозғап әбігерге түсер еді, ал мұн­да қоларба өзі жүріп жүр. Мәселенің мәнісін қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтан сұра­ғанбыз. – Бұл күн сәулесімен жүретін қоларбаны Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау­дағы бөлімшесіндегі ұстаздар мен студенттер жасаған, – дейді Әбдібақыт Тіллабайұлы. – Бы­лай айтқанда, қазақ-түрік жас ғалымдарының жұмысы. Қуаты 30 шақырымға дейін жетеді. Бұл қоларбалар «Мейі­рім­ді жүрекпен» акциясы ке­зінде төсекке таңулы 20 аза­мат­қа табысталған. Біреуінің бағасы – 800 доллар шамасында. Емін-еркін жүріп жүрген тағдырластарын көрген жандар «бізге де алып беріңдер» деп өтінуде. Шамамыз келгенше сұра­ныстарын қанағаттандыруға тырысамыз. Алла тағдырын солай қиыс­тырғаннан кейін «өмір осымен бітті» деп өзін-өзі тастап жі­беруге, шарасыздыққа көндігуге болмайды. Жас ғалымдардың еңбегі арқа­сында олардың екінші өмірі басталды. «Барлығымыз бір­дейміз, кемсітуді білмейміз» қанатты сөзінің тоқтамы осы. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы