Оқиға • 10 Қазан, 2024

Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны ұстады

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте ломбардты тонаудың алдын алған жас жігіттер марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттік жасөспірімдер ломбардты тонамақ болған ұрыны  ұстады

Фото: Видеодан алынған кадр

Полицейлердің хабарлауынша, Рысқұлов көшесіндегі ломбардтардың бірінде бетперде киген белгісіз біреу жұмысшыларды тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Дәл сол уақытта ломбардта болған 18 жастағы жасөспірімдер басқыншының ойлағанын жүзеге асыруға кедергі жасаған. Олар сақшылар келгенше қылмыскерді ұстап отырған.

Тұран аудандық полиция қызметкерлері ұрыны қолға түсірген.

«Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұржан Тілеуов жасөспірімдерді ерліктері үшін алғыс хатпен марапаттады», делінген хабарламада.